Екі маршрутта автобус саны артады – Өскемен
Шартты сурет: 24.kz
Өскемендегі екі маршрутта автобустардың саны артады. Бұл туралы қала әкімі мәлім етті.
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Аблакетка шағын ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Кездесу барысында бұған дейін атқарылған және жыл соңына дейін жоспарланған шаралар талқыланды.
Шағын аудандағы ең өзекті мәселенің бірі - автобус қатынасының реттілігі. Әкімнің айтуынша, енді бұл мәселенің дұрыс шешімі табылған көрінеді.
Кездесуде Байдуков көшесіне қатысты да мәселе көтерілді. Шаһар басшысы жол жабынының қазіргі күйін ескере отырып, ТКШ бөліміне жақын арада жөндеу жұмыстарын жүргізу амалдарын қарастыруды тапсырды.