Уәдесін орындамайтын басшылар керек емес – Жақсылық Омар
Фото: Автордікі
27 мамырда Өскемен қаласының әкімі Защита шағын ауданының тұрғындарымен кездесті.
Жақсылық Омар шағын ауданда атқарылған жұмыстар туралы айтып берді және халықтың арыз-шағымын тыңдады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Кездесу барысында тұрғындар көтерген мәселенің бірі қоғамдық көлікке байланысты. Шағын аудан тұрғындары №228 маршрутты алып тастағалы бері облыс орталығына жету қиындағанын жеткізді. Олардың айтуынша, студенттер оқуға жету үшін бірнеше қоғамдық көлікке отырып, ары қарай жаяу немесе таксимен жетуге мәжбүр екен. Тұрғындар шағын аудандағы ең өзекті мәселе осы дейді.
Халық өткен жылы қалалық Жолаушылар тасымалын басқару орталығының басшысы Нұрсұлтан Төлеубекұлымен кездесіп, осы мәселені талқылаған. Мекеме басшысы тұрғындарға аталған маршрут қайта қайтарылатынын айтып, халық көлік бағыты бойынша бірнеше жоспар дайындаған. Алайда аталған маршрут қозғалысы әлі күнге дейін жандандырылмаған көрінеді.
Қала әкімі жауапты тұлғаларға қоғамдық көлік мәселесін шешуге қатысты тапсырма берді