KZ
Өскемен
+20°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Өскемен водоканал: қызмет көрсету орталығы жаңа мекенжайға ауысты

2.08.2023, 18:40 438 Мадина Амангелдіқызы

Өскемен қаласындағы «Өскемен водоканал» МКК-нің халыққа дербес қызмет көрсету орталығы жаңа мекенжайға көшті.

Қызмет көрсету сапасын жақсарту және тұтынушыларға барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында «Өскемен водоканал» мекемесінің дербес қызмет көрсету орталығы 1 тамыздан бастап жаңа мекенжайда қабылдайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Халыққа дербес қызмет көрсету орталығы енді А.Чехов көшесі, 70 мекенжайында орналасады. Бұрынғы мекенжайы Пограничная көшесінде болған еді.

Орталықта сумен жабдықтау, су бұру қызметтері бойынша келісімшарт жасасу, жеке есептеу аспаптарының көрсеткіштерін қабылдау, жеке тұлғамен салыстыру актілерін алу, жеке тұлғалар үшін есептеулер, берешектер бойынша ақпарат беру секілді қызметтер көрсетіледі.

Сондай-ақ тұтынушыларға ыңғайлы болуы үшін электронды кезек жүйесі іске қосылған.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив