KZ
Өскемен
-14°
пасмурно Штиль
498.34 519.72 4.85

Өскеменде көші-қон заңнамасын бұзудың 30-дан астам фактісі анықталды

Фото: egemen.kz

25.08.2023, 15:03 292

Қазіргі таңда Өскемен қаласында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.

7 күн ішінде Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері ҚР көші-қон заңнамасын бұзудың 30-дан астам фактісін анықтады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

30 қыркүйекке дейін жалғасатын шара құқық бұзушылық пен заңсыз көші-қонның алдын алу, қоғамдық-саяси жағдайды қадағалау мақсатында ұйымдастырылған. Сонымен қатар Қазақстан аумағында қалу ережесін бұзған шетел азаматтарын анықтау да қарастырылған.

Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері Өскемен қаласының ПБ қызметкерлерімен бірлесіп 7 күн ішінде ҚР көші-қон заңнамасын бұзудың 30-дан астам фактісін анықтады.

  "Өскемен қаласы ПБ Көші-қон қызметі бөлімі Қазақстан Республикасында уәкілетті органның рұқсатынсыз уақытша болатын шетелдік азаматтардың еңбек қызметіне тыйым салынғанын ескертеді", – деп жазылған Өскемен қаласының полиция басқармасының әлеуметтік желідегі парақшасында.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу