KZ
Өскемен
-14°
пасмурно Штиль
498.34 519.72 4.85

Көші-қон заңнамасын бұзудың 30 дерегі анықталды – Өскемен

Фото: Өскемен қаласының ПБ парақшасынан алынды

23.06.2023, 11:07 373

Өскемен қаласында 19-25 маусым аралығанда "Заңсыз келуші "жедел-алдын алу іс-шарасы өтеді.

Шара жүргізілген үш күн ішінде Өскемен қаласында көші-қон заңнамасын бұзу бойынша 30-дан астам дерек анықталған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Шара тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, заңсыз көші-қон фактілерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу мақсатында жүргізіліп жатыр. Басты міндет – шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың елде қалу қағидаларын бұзуына жол бермеу.

Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері үш күн ішінде Өскемен қаласының аумағында көші-қон заңнамасын бұзудың 30-дан астам фактісін анықтады.

  "Өскемен қаласы полиция басқармасы Көші-қон қызметі бөлімі уәкілетті органның рұқсатынсыз Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік азаматтардың еңбек қызметіне тыйым салынатынын ескертеді!" – деп жазылған хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу