ШҚО-да заңсыз еңбек еткен шетелдік 3 азамат ұсталды
Фото: egemen.kz
ШҚО-да еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған шетелдік 3 азамат ұсталды.
Көші-қон қызметінің қызметкерлері “Учаске” ЖПІШ барысында еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған Моңғолияның 3 азаматын анықтады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, шетелдік азаматтар мамыр айында келген, алайда олардың уәкілетті орган беретін тиісті рұқсат құжаттары болмаған. Ұлан аудандық сотының шешімі бойынша Моңғолияның үш азаматы ел аумағынан шығарылды және оларға Қазақстан аумағында болуға 5 жыл мерзімге тыйым салынды.
Айта кету керек, ЖПІШ кезеңінде ҚР Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 50-ден астам шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 5-уі ел аумағынан шығарылған. Көші-қон қызметі ҚР заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, яғни заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны және елде рұқсатсыз тұрғаны үшін шетелдік азаматтар, сондай-ақ оларды қабылдаған жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.