KZ
Өскемен
+3°
переменная облачность Штиль
481.19 538.45 5.18

Өскемен ЖЭО-ның жылыту маусымына дайындығы қалай?

Өскемен ЖЭО-ның баспасөз қызметі

11.09.2023, 15:08 208 Ләззат Қанатқызы

Өскемен ЖЭО-ның негізгі және қосалқы жабдықтарында жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Қазіргі уақытта жоспарланған жөндеу жұмыстарының 71,5% орындалды.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС өңірдегі ең ірі жылу электр орталығы болып табылады. Ол өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін жылу энергиясын өндіруді қамтамасыз етеді және Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық секторы жүктемесінің 80%-дан астам көлемін жабады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қазіргі күні онда жоспарланған жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.

- Алдағы жылыту маусымына жалпы 9 қазандық пен 8 турбина жөнделеді. Өскемен ЖЭО жөндеу бағдарламасының жалпы құны биыл шамамен 8,8 миллиард теңгені құрайды. 2023 жылғы жөндеу бағдарламасы барысында ст. №№8,9,12,13 қазандық агрегаттарының, ст. №№8,9,10,11 турбина агрегаттарының ағымдағы жөндеулері, сондай-ақ ст. №11 қазандық агрегатының және ст. №№7,12 турбина агрегаттарының күрделі жөндеулері орындалды. Қазіргі кезде ст. №15 қазандық агрегаты ағымдағы жөндеуде, ст. №10 қазандық агрегаты кеңейтілген ағымдағы жөндеуде және ст. №7 қазандық агрегаты күрделі жөндеуде, - дейді жылу электр орталығының баспасөз қызметі.

Өскемен ЖЭО жөндеу бағдарламасын іске асыруға 40 мердігер ұйым қатысуда. Жөндеу жұмыстарына тартылған персоналдың жалпы саны 250 адамды құрайды.

Айта кету керек, 2023 жылғы инвестициялық бағдарламаға қазандық агрегатының жылыту бетінің негізгі жабдығының элементтерін ауыстыру бойынша қосымша іс-шаралар енгізілген. Бұл іс-шаралар ст. №№ 10,12,14,15 қазандық агрегаттарында іске асырылады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив