KZ
Өскемен
-13°
небольшая облачность жел 1,1 м/с, В
498.55 524.28 4.75

ШҚО әкімі «Өскемен ЖЭО»-дағы тексеру нәтижелері туралы айтты

17.03.2023, 10:21 344 Оразай Жеңісұлы

Облыс әкімі Даниал Ахметов «Өскемен жылу электр орталығы» ЖШС өкілдерімен кездесті.

Кәсіпорын жоғары қысымды қазандық салу бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 

– Бұл кәсіпорын ірі өнеркәсіптік ұйымдар мен тұрғын үй-коммуналдық сектор үшін электр және жылу энергиясын өндіру жүктемесінің 80 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Қазіргі таңда Орталық жоғары қысымды қазандық салу бойынша инвестициялық жобаны, сондай-ақ екі қазандық агрегатын күрделі жөндеуден өткізу бойынша жобаларды жүзеге асырмақ. Осы мақсаттарға инвестициялық жобаға 8 миллиард теңге салынды, бұл жөндеу жұмыстары жаңа жылыту маусымына толық дайындалуға мүмкіндік береді, – деді облыс әкімі.

Жақында кәсіпорында ауқымды тексеру болған. Аймақ басшысы елеулі бұзушылықтар анықталмағанын айтты.

– Станцияны дамытудың кешенді жоспары бар, енді ЖЭО басшылығына оның «инвестиция орнына Тариф» жаңа үкіметтік бағдарламасына сәйкес келтірілуі өте маңызды, – деді Даниал Ахметов.

Облыс әкімі қала қарқынды дамып, жаңа тұрғын аудандар салынып, кәсіпорындар ашылып жатқандықтан қуаттылықты арттыру қажет екенін атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу