Жезқазған ЖЭО жылыту маусымына дайын болмай қалуы мүмкін
Фото: egemen.kz
Жезқазған ЖЭО-ны жылыту маусымына дайындап үлгермей қалуы мүмкін. Сенаттың жалпы отырысында депутат Серік Шайдаров күрделі жөндеу жұмыстарының уақыты кешеуілдегенін мәлімдеді.
Оның айтуынша, екі қазандықтағы жаңарту жұмысы іс жүзінде жүргізілмеген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі vlast.kz сайтына сілтеме жасап.
Сенатор негізгі жабдықтарды күрделі жөндеу жұмыстарының кешеуілдеуіне байланысты «алдағы жылыту маусымының басында негізгі жабдықтың барлық құрамының толық дайын болмауы» мүмкін екенін баса айтты.
– Жезқазған ЖЭО-ның жылу беру маусымына дайындығына қатысты сіздердің назарға келесі мәселелерді ұсынамыз. Негізгі энергетикалық жабдық қатты тозған, станциядағы қазандық агрегаттарының орташа тозуы 74%-ды, турбиналардың тозуы 63%-ды құрады. №8,10 қазандықтағы жаңарту жұмыстары іс жүзінде жүргізілмеген, – деді Серік Шайдаров Премьер-Министрдің атына депутаттық сауал жолдай отырып.
Оқи отырыңыз