Өскемен: Ашық аспан астында балалар фестивалі өтеді
Фото: pexels.com
Өскеменде ашық аспан асында «Балалық шақ бояулары» атты балалар мен жасөспірімдер фестивалі өтеді.
Шара барысында қаланың кішкентай тұрғындары мен ата-аналары ән айтып, би билеп, түрлі ойындар ойнап, көңіл көтере алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Фестиваль 16 желтоқсан күні кешкі сағат 17.00-де амфитеатрда өтеді. Шараның мақсаты – балалардың музыкаға, әнге, биге деген сүйіспеншілігін ояту, кішкентай бүлдіршіндерге қуаныш сыйлау және смартфонға тәуелділіктің алдын алу, - делінген қала әкімдігінің мәліметінде.
Фестиваль барысында "Аматерасу" би студиясы, "Фиджеттер" би ансамблі, театр актері Роман Степенский және басқа да әртістер өнер көрсетеді.
Оқи отырыңыз