KZ
Өскемен
-6°
переменная облачность жел 5 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай марафон өтті

23.09.2023, 15:38 284 Қызырбек Дүргінбайұлы

 Өскеменде кешеден бері Катонқарағай ауданының мәдени күндері өтіп жатыр.

Бұл күндері дәстүрлі түрде жалғасын тауып келе жатқан "Туған жер - алтын бесігім" жобасы аясында әр аудан облыс орталығына жәрмеңке әкеліп, спорттық және мәдени іс-шаралар өткізуде. Бүгін Катонқарағай ауданының ұйымдастыруымен Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай  марафон өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Ертіс жағалауында өткен жарысты тамашалаған жұрт жаңбырға қарамастан асық ату және ләңгі тебу сайысына белсене қатысты.

Қатысушылар өзара мықтыны анықтап, жеңімпаздар марапатталды.

Бұл жолғы Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай өткен марафонда желаяқ Екпін Ерсін жеңімпаз болса, асық атудан 3 ұпаймен Саржан Амантай жүлдегер атанды.

Жеңімпаздарға алғыс хатпен бірге Катонқарағай ауданының қымызы тарту етілді.

- Әр сенбі сайын жәрмеңкеге келуді дәстүрлі үрдіске айналдырғандаймыз. Арзан бағада азық-түлік өнімдерін алып, спорттық жарыстарға қатысып қайтамыз. Бүгін асық атудан және ләңгі тебуден жүлдегер атандым. Осылай облыс орталығында жәрмеңке болып тұрғаны дұрыс деп ойлаймын, барған сайын жәрмеңкеге келетін жұрттың қатары көбейіп келе жатқандай,  - дейді асық атудан жеңімпаз атанған Саржан Амантайұлы.

Айта кетсек, кеше Катонқарағай ауданының мәдени күндері аясында Өскеменде үлкен гала-концерт пен көрме өткізілді. Бүгін таңғы сегізден бастап облыс орталығының жұртшылығы Катонқарағайдың жәрмеңкесіне ағылды. Онда өнерпаздардың концертімен қатар түрлі спорттық ойындарды тамашалай алды. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу