Катонқарағай ауданынан жәрмеңке келе жатыр
Фото: ustinka.kz
ШҚО-да «Туған жер - алтын бесігім» жобасы аясында әр ауданның мәдени күндерін өткізу қайта қолға алынып келеді. Өткен демалыс күндері Зайсан ауданы өскемендіктерге әні мен дәмін тарту етсе, ендігі кезек Катонқарағай ауданына келді.
22-23 қыркүйек күндері облыс орталығында Катонқарағай ауданының мәдени күндері өтеді. Әдеттегідей, сенбілік жәрмеңкемен қатар, түрлі мәдени және спорттық шаралар легі жоспарланған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Катонқарағайдың мәдени күндері 22 қыркүйек күні сағат 18.30-да «Ертіс концерт» залындағы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының гала концертінен бастау алады.
Ал, 23 қыркүйек күні Fresh Market сауда орталығында сенбілік жәрмеңке мен концерт өтеді. Қол күрес, қымыз ішу, қой мен бал көтеру сынды қызықты спорттық сайыстарда жоспарлаған.
Қала жастары мен студенттер үшін сағат 19:00-де С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың жатақхана алаңында ашық аспан астында кино көрсетілім қойылады.