Өскеменде жергілікті өнім көрмесі өтеді
Фото: egemen.kz
11 қазан күні Өскемендегі өндірушілердің өнімі ұсынылған көрме өтеді. Көрмеге жергілікті өндірушілер өз өнімін қойып, оны сатып қана қоймай, инвесторлар тартып, олармен тікелей жүздесіп, әрі мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат алады.
Бүгінгі таңда жергілікті өндірушілер форумына қатысуға 38 кәсіпкер өтінім берген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл шара жергілікті өндірушілердің өнімін наисхаттау, олардың қызметін таныту мақсатында өтеді. Көрмеге құрылыс материалдарын өндіру, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі, металлургия, машина және құрылыс өнеркәсібі, химия өнеркәсіп, ағаш өңдеу және жиһаз өенркәсібі, басқа да түрлі саланың өкілдері қатысады. Форумда шағын, орта және ірі бизнес өкілдері қамтылмақ. Ұйымдастырушылар қазіргі таңда 149 кәсіпкерге шақырту жіберген, оның ішінде 38-і қатысуға келіскен.
Сонымен қатар, оған қатысу шығындарын әкімдік өтейді дейді Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы. Жергілікті өндірушілер өнімі ұсынылған көрме қала деңгейінде алғаш ұйымдастырылмақ. Оның айтуынша, егер бірінші алғашқы көрмеден жақсы нәтиже шықса, жыл сайын өйткізу жоспарланған екен. Толық ақпарат алу үшін Өскемен қаласының Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне хабарласуға болады. Байланыс телефоны : 8 776 141 55 52, 8 777 708 55 00, 8 707 671 84 94, 8 (7232) 26 22 84.