Өскеменде шағын бизнес тауарларының көрмесі өтеді

Фото: egemen.kz
Өскемен қаласында шағын бизнестің, оның ішінде микробизнес тауарларының көрмесі өтеді.
Іс-шараға шағын, микробизнеске қызығушылық танытқан тұлғалар қатыса алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Шара қала кәсіпкерлерін қолдау, жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін насихаттау мен жарнамалау, басқа кәсіпкерлердің өнімдері туралы ақпарат алуға мүмкіндік беру, жаңа нарық іздеуге жәрдемдесу мақсатында өткізіледі.
Көрме қазан айының бірінші онкүндігінде өтеді деп жоспарланған.
Іс-шараға қатысу үшін өтінімді келесі электрондық мекенжайға жіберу қажет: pred-uk@mail.ru. Толық ақпарат алу үшін 8(7232)262284, 87761415552 (WhatsApp) нөмірлеріне хабарласу қажет.
Өтінім қабылдау 1 қазанға дейін жалғасады.