Өскемен: ТҮКШ бөлімі тасымалдаушыларға субсидия төлемеген

Фото: azattyq.org
Өскемен қалалық ТҮКШ бөлімі әлеуметтік маңызы бар автобус маршруттарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларға 900 млн.теңгеден астам субсидия төлемеген.
Десе де, орындалған жұмыстар туралы есепті жергілікті атқарушы органға белгіленген мерзімде ұсынған. Бұл қалалық прокуратура жүргізген талдау барысында анықталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ТҮКШ бөлімі барлығы 8 кәсіпкерлік субъектісімен шарт жасаған.
Сонымен қатар өңірде кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топтар жұмыс істейтінін айта кету керек.
Бизнес өкілдері мен азаматтар құқықтық кеңес алып, барлық туындаған мәселелер бойынша мобильді топтарға хабарласа алады (байланыс нөмірі 8-705-418-05-21).