KZ
Өскемен
-22°
плотный туман Штиль
504.6 594.27 6.48

Кәмелетке толмаған үш жасөспірімді көлік қағып кетті – Өскемен

Фото: ult.kz

15.11.2023, 16:32 373 Ләззат Қанатқызы

14 қараша күні сағат 19.00 шамасында облыс орталығында жол-көлік оқиғасы болды.

Сәтпаев-Жібек жолы даңғылының қиылысында жеңіл автокөліктің жүргізушісі кәмелетке толмаған үш жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

Жол апаты салдарынан түрлі дене жарақатын алған жасөспірімдер ауруханаға жеткізілді.

- Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 345 - бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізушілердің жол ережелерін өрескел бұзуы өзге тұрғындардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан көлік жүргізушілеріне көлік жылдамдығын шамадан тыс асырмай, сақ болу керектігін еске саламыз, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша бірқатар сот сараптамалары тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу