KZ
Өскемен
+29°
переменная облачность жел 5 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Өскеменде мейрамхана өртенді

19.11.2023, 23:00 202 Назерке Каримова

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскеменде өрт сөндірушілер мейрамханадағы қызыл жалынды жылдам ауыздықтады.

«Грузинская көшесіндегі мейрамхана шатырының ағаш құрылымдары отқа оранған. Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл келіп жетті. Оған дейін мейрамханаға келушілер мен сонда жұмыс істейтін қызметкерлер өз беттерімен сыртқа шығып кеткен», - делінген ақпаратта.

Тілсіз жаумен күреске барлығы жеке құрамнан 35 адам мен 10 техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің үйлескен іс-әрекеттерінің арқасында жалынның ары қарай таралуына жол берілмеді. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив