KZ
Өскемен
+8°
сильный дождь жел 6 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

Біреудің банк картасымен жарты миллионға жуық теңгеге сауда жасаған - Өскемен

Фото: static.life.ru

24.11.2023, 19:49 215 Айна Ескенқызы

Біреудің банк картасымен жарты миллионға жуық теңгенің саудасын жасаған әйел енді бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Құқық қорғау органдарына Өскемен қаласының 36 жастағы тұрғынынан  өзінің жоғалған банк картасымен белгісіз адамдардың сауда жасап жатқаны туралы арыз түсті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Банк картасының иесі мұны телефонға ақшаны есептен шығару туралы хабарламалар түсе бастағанда білген. Шығын көлемі - 428 368 теңге.

 


- Ер адамның арызын қабылдаған полицейлер жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басын анықтады. Ол облыс орталығының 44 жастағы тұрғыны болып шықты. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив