Өскемен тұрғыны бөтелкелесіне пышақ сұғып алған
Қараша айының ортасында Өскемен қаласының Полиция басқармасына Назарбаев даңғылы бойында белгісіз ер адамның жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орынына жеткен полицейлер даңғыл бойында жатқан облыс орталығының 35 жастағы тұрғыны екенін анықтады. Ол кеудесіне қалалық ауруханаға жеткізілді.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері зардап шегушінің 48 жастағы танысын анықтап, ұстады.
- Тергеу барысында сол күні кешке жәбірленушімен алкоголь ішкені белгілі болды, тек кейін өзара сөзге келіспей қалып, күдікті қолына пышақ алып, бөтелкелесіне дене жарақатын түсірген. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.