KZ
Өскемен
+7°
ясно жел 2 м/с, ОШ
441.58 480 4.86

Өскемендік өрт сөндірушілер ес-түссіз жатқан қарт әйелді пәтерден алып шықты

фото ШҚО ТЖД-дан
фото ШҚО ТЖД-дан
17.12.2023, 12:15 193 Назерке Каримова

Өскемен қаласында өрт сөндірушілер мен Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері қарт әйелді құтқарып қалды.

Пәтерде 1934 жылы туған пәтердің иесі ес-түссіз табылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі. Жедел қоңырау Пермитин көшесіндегі тоғыз қабатты тұрғын үйден келіп түскен. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндіру бөлімшелері барлау жасап, 3-ші қабаттағы пәтерден шыққан өртті анықтап, 3 шаршы метр аумақта өртенген төсек-орын, еденді сөндірді.

- Пәтерде 1934 жылы туған пәтердің иесі ес-түссіз табылды. Өрт сөндірушілер оны түтін аймағынан шығарып, тыныс алу аппараттарымен сығылған ауа оттегін беру арқылы алғашқы көмек көрсете бастады, содан кейін апаттар медицинасы орталығының келген дәрігерлері зардап шегушіні реанимобильге отырғызып,  медициналық мекемеге жеткізді, жол бойында апаттар медицинасы орталығы  дәрігерлері реанимациялық іс-шаралар, оттегімен ингаляция жүргізіп, оны бірінші қалалық ауруханаға жеткізді, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив