Өскеменде қоғамдық көліктің жаңа бағыттары ашылады
Фото: Аяужан Утеулинова
Мамыр айында жолаушылар тасымалдау желісіне 30 шағын автобус шығарылмақ.
Биыл облыс орталығында қалалық автопарктердің жылжымалы құрамын жаңарту жалғасады. Тасымалдаушылар тағы 51 автобус сатып алады. Негізгі жаңарту жұмыстары маусым мен қазан айларына жоспарланып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мамыр айында 30 шағын автобус сатып алынып, желіге шығарылмақ.
Маршруттар бойынша келесідей бөлінеді:
№ 228 «Славский жағалауы – тубдиспансер» - 5 бірлік;
№ 224 «Өскемен вокзалы – «Ривьера» ТК-2 бірлік;
№ 229 «Тальниковый – Геологический» - 5 бірлік;
№ 256 «Өзен вокзалы - Нұрлы көш» - 6 бірлік;
№ 261 «Технодом - Жастар көшесі» - 7 бірлік;
№ 250 « Пристань – Подгорное» — 5 бірлік.
Айжанат Бақытқызы