Өскеменде сот әкімшіліктеріндегі бос орындар жәрмеңкесі өтті
Фото: 365info.kz
Өскемен қаласының еңбек ұтқырлығы орталығының алаңында әлеуетті қызметкерлерді қолайлы жұмыстарға, оның ішінде жұмыс берушімен тікелей байланыс арқылы ауқымды жұмысқа тарту мақсатында сот әкімшіліктеріндегі бос жұмыс орындарының шағын-жәрмеңкесі өткізілді.
Аталған іс-шараға ШҚО бойынша Сот әкімшілігі департаментінің персоналды басқару бөлімінің басшысы С. Т. Серікпаева және Өскемен қалалық сотының, Өскемен қаласының № 2 сотының, Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының, ШҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының соттар әкімшісі басшылары қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
С. Серікпаева дамудың жаңа жолдарын іздейтін жас мамандардың әр түрлі топтарына: студенттерге, түлектерге өзінің ашық бос жұмыс орындары мен мансаптық мүмкіндіктерін ұсынды.
Жоғарыда аталған соттардың әкімшілері бос жұмыс орындары туралы және өз соттарындағы мансаптық перспективалар туралы айтты.
Ізденушілер облыс соттарына жұмысқа орналасу туралы қажетті ақпаратты алып, аудандық және қалалық соттардағы бос лауазымдарға орналасу конкурсына қатысуға ниет білдірді.
Жанаргүл Мұқатай