KZ
Өскемен
+23°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Ертең Өскеменде жылыту маусымы аяқталады

Фото: freepik.com

16.04.2024, 09:00 127 Ержан Әбіш

Сыртқы ауа температурасының тұрақты жылынуына байланысты 17 сәуірден бастап Өскеменде жылыту маусымын аяқтау туралы шешім шығарылып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС, «Согра ЖЭО» ЖШС (Жаңа Согра кенті), «№3 қазандық» жылу көздеріне қосылған тұтынушыларға өтініш бойынша жылыту жүйелерін 24 мамырға дейін төмендетілген гидравликалық параметрлерде пайдалануға рұқсат етіледі.

Өтініштер «Өскемен жылу желілері» АҚ-ның дербес қызмет көрсету орталығында (Горький к., 61) қабылданады. Жұмыс режимі – 8:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліссіз, сенбі күні 9:00-ден 14:00-ге дейін.

Сондай-ақ өтінішті электрондық түрде де ukheatnets@ukteplo.kz поштасы арқылы бере аласыз.

Сұрақтарды кәсіпорынның Instagram желісіндегі @ukts_info парақшасы арқылы қоюға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив