KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 5 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

Өскеменде жылыту маусымы қашан аяқталады?

15.04.2020, 11:34 188

Өскеменде жылыту маусымы сәуірдің 20-сынан кейін тоқтатылуы мүмкін, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Тұрғын үйлердегі жылуды әзірге өшірмейді екен. Оған сәуір айындағы ауа райының тұрақсыздығы себеп болып отыр.

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ ақпараты бойынша, тұрақты ауа темературасының қалыптасқаннан кейін ғана жылу беру маусымын аяқтау туралы шешім нақты қабылданатын болады. Алдын ала болжам бойынша, жылыту маусымы 20-23 сәуір аралығында тоқтатылуы мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу