KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность Штиль
478.89 528.74 5.29

Өскемендегі элеваторда өрт-тактикалық жаттығу өтті

5.08.2024, 13:04 148 Ержан Әбіш

Өскемендік құтқарушылар кезекті өрт-тактикалық жаттығуларын элеваторда өткізді. Аңыз бойынша бойынша технологиялық процестің бұзылуы салдарынан күнбағыс дәні өртенді, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі.

Өрт технологиялық жабдықтарға таралу қаупін тудырды. Бірінші кезекте элеватор жұмысшылары эвакуацияланып, ғимарат токтан ажыратылды. Қысқа уақыт ішінде шартты өрт шыққан жерге құтқарушылар келді. Сол жерде жедел штаб құрылды, оның  құрамына объектінің мамандары кірді. Өрт сөндірушілер дереу отпен күреске кірісті. Барлығы 16 арнайы техника мен 50-ден астам құтқарушы тартылды.

Кәсіпқойлардың үйлесімді әрекеттері арқасында «өрт» тез сөндірілді.  Өрт сөндірушілердің даярлық деңгейі, объекті персоналының іс-әрекеті «жақсыға» бағаланды.

­– Оқу-жаттығу барысында өрт ошағын жою, элеватор әкімшілігімен және қызметкерлерімен өзара іс-қимыл  жасау, зардап шеккендерге көмек көрсету   бойынша іс-шаралар пысықталды,   –   деп   түсіндірді  өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының міндетін атқарушы Болат Нұрдыбаев.


 Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив