Жылу орталығындағы ақау дереу қалпына келтірілді – Өскемен
фото: 08.mchs.gov.ru
9 қыркүйек күні, яғни кеше сағат 17:31-де «Өскемен ЖЭО» ЖШС аумағында # 1ОРУ-1 байланыс трансформаторының 110кВ ажыратқышындағы "В" фазасының шығару изоляторы зақымдалды.
Зақымданған кезде дыбыстық жарылыспен және түтінмен бірге қысқа тұйықталу болды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Қызметкерлердің жедел әрекеттерінің арқасында жабдықтың жұмысы тез қалпына келтірілді. Зардап шеккендер мен өрт оқиғасы тіркелген жоқ.
Сағат 19:00-дегі жағдай бойынша, қазандық агрегаттарының жұмысы қалпына келтірілген.
- Тек ресми ақпаратты басшылыққа алуларыңызды сұраймыз, - деді “Өскемен ЖЭО” өкілдері.
Оқи отырыңыз