Алтай ауданы Быков ауылында электрмен жабдықтау қалпына келтірілді
Фото: comments.ua
Кеше Алтай ауданы Быков ауылында электр қуаты өшіп, ауыл тұрғындары жарықсыз қалған еді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Аудан әкімдігінің хабарлауынша, оқшаулағыштардың істен шығуына байланысты электр беру желісінің бағанасында қысқа тұйықталу орын алған. Бұл электр қуатының өшуіне себеп болды.
Бүгін мамандар ақауларды жөндеп, сағат 13.00-де электр қуаты қалпына келтірілді.
Естеріңізге сала кетсек, кеше Быков және Соловьёв ауылдарының арасындағы электр желісі зақымдалып, салдарынан Быков ауылының тұрғындары жарықсыз қалғаны туралы жазған едік.
Айжанат Бақытқызы