Қайтарылған жер есебінен жайылымдық жер артады
Фото: Шартты сурет
Биыл қосымша 5 млн гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қайтару жоспарланған. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысындағы баяндамасында айтты.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл да пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару жұмыстары жалғасады, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
– Биыл қосымша 5 млн гектар ауыл шаруашылығы жерін қайтару жоспарланып отыр. Қайтарылған жерлер бірінші кезекте ауыл халқының мал жаю мұқтажын өтеуге бөлінеді, – деді Ербол Қарашөкеев.
Одан бөлек, ауыл тұрғындарының игілігі үшін іске асырылып жатқан бағдарламалардың тиімділігін қадағалайтын арнайы кеңсе ашылған екен.
– «Amanat» партиясының жанынан «Ауыл аманаты» арнайы жобалық кеңсесі құрылды. Ол министрлікпен бірлесіп, ауыл халқының табысын арттыру бағдарламасының сапалы іске асырылуын бақылап, қадағалайды, – деді баяндамасында.
Оқи отырыңыз