Зайсан ауданында пайдаланылмайтын жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда
Шартты сурет
Зайсан ауданында 18 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Бұл туралы Зайсан ауданының әкімі Дулат Қажанов мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында 5 млн гектардан астам пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтаруды тапсырған болатын.
Осы орайда ШҚО-да құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тарта отырып, пайдаланылмайтын және заңнаманы бұза отырып берілген жер учаскелерін алып кою мәселесі бойынша ведомствоаралық топ құрылып, 2022 жылы өңір бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару жоспары бекітілді.
Айта кету керек, жалпы облыс бойынша 120 мың га жерді мемлекет меншігіне қайтару міндеті қойылған.