KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Әділет министрлігі тәулік бойы азаматтарға жауап береді

Фото: Шартты сурет

18.04.2023, 19:07 553

ҚР Әділет министрлігі тәулік бойы және демалыс күндері де азаматтар сауалына жауап береді. 
Көкейде жүрген сұрақты министрлікке бірнеше әдіс арқылы жолдауға болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Әділет министрлігінің Құқықтық ақпараттық қызметі тәулік бойы (үзіліссіз және демалыссыз) халықты құқықтық ақпаратпен қамтамасыз етіп, мәселелерге қатысты тегін кеңес береді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша консультация өткізіп, қолданыстағы заңнаманың нормаларын түсіндіріп, мемлекеттік органдардың байланыс деректерін, ҚР Әділет министрлігінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының байланыс деректерін ұсынады.
Кеңес беру қызметі 119 (ел бойынша) стационарлық нөмірі немесе +77086935631 WhatsApp нөмірі арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар нормативтік құқықтық актілердің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіндегі «Виртуалды кеңесші» виджетінің чат-бот модулі арқылы, министрлік сайтындағы «Сұрақ-жауап» айдары арқылы да жүгіне аласыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу