KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Байланыс пен интернет бағасының шарықтауына монополия себеп

Фото: Шартты сурет

20.04.2023, 22:47 312

Астана қаласында өткен бәсеке туралы форумда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасы Марат Омаров телекоммуникация нарығындағы монополияны сынға алған.
Агенттік төрағасының айтуынша, Қазақтелеком радиожиілік спектрін сатып алған, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Сатып алынған мемлекеттік ресурс бизнес өкілдеріне сатылуы тиіс еді.

– Демек, «мемлекет өзіне өзі сатты» деген сөз. Монополияландыру клиент үшін бәсеке деңгейі мен қызмет көрсету сапасының төмендеуіне себеп болды. Қазір байланыс қызметтеріне тарифтердің біржақты көтерілуіне байланысты шағымдар келіп жатыр. Жекелеген тарифтік жоспарлар құны 2 есе өсті, – дейді Марат Омаров.

Оның мәліметінше, Алтел байланыс операторы 13 наурыздан бастап қызмет көрсету бағасын өсірген.
Нақтырақ айтқанда, 1 минут сөйлесу/SMS ақысы 9-дан 18 теңгеге дейін көтерілген.
Бәсекеге қабілетті ұялы байланыс нарығын қалпына келтіру перспективасын төмендететін бірнеше себеп бар. Олардың қатарына еркін радиожиілік спектрінің болмауы, экономикалық кедергілер кіреді.

– Үкіметтің бір ұялы байланыс операторын бөлу жоспары бар, бірақ әзірге оны іске асырудың нақты механизмі жоқ, өкінішке қарай. Сондай-ақ жеке операторлардың, мысалы, IT нарықтарында, аралас нарықтарға кіру әрекеттері байқалады, – дейді агенттік төрағасы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив