KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 3 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Қазақстанда ұялы байланыс қымбаттай ма?

31.07.2019, 06:27 218

Ағымдағы жылдың мамыр айында «Қазақтелеком» АҚ Тele2 AB шведтық ұялы операторының 49 пайыздық үлесін сатып алған болатын. Осыған орай елімізде ұялы байланыс операторларының тарифтері көтерілуі мүмкін бе? Бұл сұраққа компанияның бас қаржы директоры Асхат Өзбеков журналистермен өткен брифинг барысында жауап берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі

- Тele2 біздің нарыққа үшінші байланыс операторы ретінде кіріп отыр. Нарықта Kcell және Beeline бар еді. Сауда маркасын сақтап қалу бойынша нақты талаптар қойылғандықтан, Тele2  маркасы алдағы жылдары өз қалпында қалады. Компания стратегияны өзгертуді жоспарлап отырған жоқ. Баға да өзгермейді деген ойдамын. Тарифті көтермеу туралы да талап бар, - деді Асхат Өзбеков брифинг барысында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу