KZ
Өскемен
-35°
туман жел 1 м/с, В
510.43 594.86 6.49

Саңырауқұлақ және жидек тергені үшін кімдер салық төлейді?

Фото: Шартты сурет

20.04.2023, 23:41 537

Саңырауқұлақ пен жидек жинағаны үшін төлейтін салық коммерциялық мақсатта теретін кәсіпкерлерге міндеттеледі.
Салық салудың жаңа нормасы туралы осы және өзге сұрақтарға қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жауап берген, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Мұндай алым түрі бұрын да болған. Осыған дейін бұрын осы талап тек ерекше қорғалатын аймақтарда, яғни ұлттық парк, қорықтардың аумағында таралған еді. Ал енді барлық жерде қолданылмақ. Екіншіден, жаңа норманың қарапайым халыққа қатысы жоқ. Бұл тұрғыда салық өнімді көп көлемде жинайтын, дәрілік препараттар жасайтын немесе коммерциялық мақсатта пайдаланатын кәсіпкерлерге қатысты, – деді қаржы министрі.

Министр тілшілер сұрағына жауап беріп, көпбалалы отбасылар балаларына киім алу үшін жидек теріп, оны сатқан жағдайда салық салынбайтынын да атап өткен.

– Бұл жағдайларда салық салынбайды. Оны қарапайым халық төлемейді, – деп түсіндірді министр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу