KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Көпбалалы отбасылар салықты аз төлейтін болды

6.05.2019, 10:15 191

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасы 62 712 теңге мөлшерінде салық шегеріміне ие болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. 

 

Отбасының табысы осындай соманы көрсетсе, салық салынбайды, яғни бұл отбасының табысы арта түседі деген сөз.

 

Үйдегі ата-анасының біреуі ғана жұмыс істесе, шегерімнің ең жоғары мөлшері 60 099 теңге болады. Жұмыс істейтін ата-ананың әрқайсына 31 356 теңгеден шегерім жасалады. Бірақ  салық шегерімінің жылдық жиынтық мөлшері 736 866 теңгеден аспауы тиіс.

 

Осылайша орта есеппен отбасының табысы жылына шамамен 73 мың теңгеге ұлғаю түседі. 

 

Салық шегерімі 2020 жылдың 1 қаңтарында отбасында төрт және одан да көп кәмелетке толмаған бала болса қолданылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив