KZ
Өскемен
-4°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Мемлекеттік сатып алу ережелеріне өзгеріс енгізілді

Фото: Шартты сурет

21.04.2023, 16:48 318

«ШҚО мемлекеттік сатып алу басқармасы» мекемесі Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне енгізілген түзетулерді жариялады. Түзетулер қаржы министрінің 2023 жылғы 1 наурыздағы №225 бұйрығы бойынша енгізілген. 
Жеткізуші өнімді жеткізу аймағының шекарасындағы тиісті әкімшілік-аумақтық мекенде болса, оған 1% мөлшерінде шартты жеңілдік беріледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген қаржы бір жылда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 400 мың еселенген мөлшерінен аспайтын жағдайда өнім жеткізуші тарапқа жеңілдік ұсынылады. Әлеуетті өнім ұсынушы сатып алуды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың шекараларындағы тиісті әкімшілік аумақта орналасқан жағдайда 1% мөлшерінде шартты жеңілдік қарастырылады. 

Әлеуетті өнім берушінің орындауында ағымдағы қаржы жылында жасалған шарттың болуы шартты жеңілдіктің жалпы сомасына әсер етеді. Ондай жағдайда веб-портал әрбір осындай шарт үшін өнім берушінің конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшем шарттардың шартты жеңілдігінің жалпы сомасының 0,1% автоматты түрде алып тастайды.
Бұл өзгеріс құрылыс-монтаждау жұмыстарында, техникалық-экономикалық негіздемені, жобалық-сметалық (үлгілік жобалық-сметалық) құжаттаманы және қала құрылысы жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстарда, объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама бойынша жұмыстарда және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік қызметтерде (техникалық қадағалау, жобаны басқару) қолданылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу