KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Мемлекеттік сатып алуда қандай өзгеріс бар?

Фото: Шартты сурет

21.04.2023, 17:51 352

Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 қазандағы №1061 бұйрығымен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне мынадай өзгерістер енгізілді. ҚР Үкіметінің шешімімен ұлттық режимнен алып қою белгіленген тауарларды мемлекеттік сатып алу отандық өндірушілер тізіміндегі жеке және заңды тұлғалар не көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер өкілдерінің (дистрибьюторлардың немесе дилерлердің) арасында жүзеге асырылады.
Ұсынылған өтінімдердің болмауына байланысты мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда басқа шара қолданылады. Ол жағдайда мұндай мемлекеттік сатып алу барлық әлеуетті өнім берушілер арасында Заңның 13-бабында айқындалған өзге де бәсекелестік тәсілдерімен жүзеге асырылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Егер конкурстың (лоттың) нысанасы бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі техникалық қадағалау және жобаларды басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер болған жағдайда, материалдық ресурстардың болуы ҚР рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес осы қызметті іске асыратын заңды тұлғаларға берілетін тиісті рұқсатпен расталады.
Егер конкурстың (лоттың) нысанасы екінші және үшінші жауапкершілік деңгейлеріндегі техникалық жағынан күрделі емес объектілерде техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсету болса және оған қызмет сарапшысының аттестаты бар жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, материалдық ресурстардың болуы меншік немесе жалға алу құқығындағы өлшеу және бақылау құралдарымен, тіркелген зертхана және нормативтік құжаттамамен расталады.
Өтінімдерді қабылдау алдын ала талқылау хаттамасы орналастырылған күннен кейін келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу