Қазақ тілін ПИК-тер мен МИБ-тердің жанында үйренуге болады
Фото: шартты сурет
Қазақстанның кейбір қалаларының тұрғындары ПИК және МИБ жанынан құрылған клубтарда мемлекеттік тілді үйрене алады. Алғашқы клуб Алматыда жұмысын бастады.
Жаңа бастама жайында "Ассамблея жастары" РҚБ мүшесі, Қазақстан ұйғыр жастар одағының төрағасы Рустам Қайрыев айтып берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Жыл соңына дейін еріктілер Алматыда осындай 50-ге жуық аула клубын ашуды жоспарлап отыр. Келесі аптада Әуезов және Алатау аудандарының тұрғындары тіл үйрену сабағына қатыса алады. Маңызды жобаны еліміздің Астана, Қарағанды, Павлодар қалаларында, сонымен бірге Шығыс Қазақстанда да іске асыру жоспарда бар.