KZ
Өскемен
-13°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
523.86 544.34 5.11

Қазақстанда екі күнде 30-ға жуық адам қаза болды

23.05.2023, 19:22 358 Мадина Амангелдіқызы

Ішкі істер министрлігі жүргізушілерді сақ болуға шақырады.
Қазақстанда екі күнде 75 жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 27 адам қаза тапты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Polisia.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Осы ретте ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Қайсар Сұлтанбаев көлік жүргізушілерге үндеу жасап, сақ болуға шақырды. 

– Күннің жылынуына байланысты жолдарда көлік саны күрт көбейді. Дәл осы кезеңде жүргізушілер жол ережесін сақтамайды. Бұл қайғылы оқиғаларға алып келеді. Елімізде екі күннің ішінде 75 жол-көлік оқиғасы орын алып, 27 адам қаза тапты, – дейді төраға. 

Айтуынша, жол-көлік оқиғаларының көп бөлігі Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында тіркелген. Апаттар көбінесе қала сыртындағы жолдарда түнгі уақытта болады. Төрт ірі жол-көлік оқиғасы жеке тасымалдаумен айналысатын шетелде тіркелген автокөліктермен болған екен. 

– Жүргізушілердің назарына! Жолға шығар алдында сіз өзіңіз үшін ғана емес, жолаушылардың қауіпсіздігі үшін де жауапты екеніңізді ұмытпаңыз. Жылдамдықты асырмаңыз, жол ережесін сақтаңыз. Шаршаған жағдайда тынығып, демалыңыз. Біздің тараптан жол ережелерін бұзудың жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлерінің жұмысы жазалауға емес, сіздердің өмірлеріңізді сақтауға бағытталған, – деді Қайсар Сұлтанбаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу