KZ
Өскемен
-9°
туман жел 2 м/с, В
523.86 544.34 5.11

Жыл басынан бері елімізде мыңға жуық адам жол апатынан қаза тапты

19.07.2022, 09:51 236

Қазақстанда 18 шілдеден бастап жол жүру қауіпсіздігінің сақталуын бақылау айлығы басталды. Бұл туралы ҚР ІІМ ӘПК төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жазғы демалыс кезеңінде, демалыс маусымында қалааралық және аймақаралық қатынастардағы көлік құралдарының трафигі дәстүрлі түрде өсетінін атап өткен жөн. Әдетте, салдары ең қайғылы жағдайға әкеп соқтыратын жол-көлік оқиғаларының өсу қаупі артады. Осыған байланысты іс-шара аясында полицейлер патрульдеу кезінде автокөлік құралдарын, оның ішінде жолаушылар көлігін тексеруді күшейтеді, - дейді ҚР ІІМ ӘПК төарағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев. 
Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері: жүргізушілердің тәртіп бұзуы, соның салдарынан қарама-қарсы жүру жолағына шығу, қозғалыс жылдамдығын арттыру, маневр жасау қағидаларын бұзу, сонымен қатар, көлікті көп жағдайда шаршаңқы күйде басқару деген сияқты құқық бұзушылықтар.
Бұл ретте балалардың автомобиль салонында болуы жүргізушілерді жол жүру қағидаларын бұзудан тоқтата бермейді. Жүргізушілердің салғырттығы мен қателіктері, сондай-ақ олардың жол жүру қағидаларын бұзу салдарынан жарты жыл ішінде еліміздің жолдарында 6 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 1 мыңға жуық адам қаза тапты, 8 мыңнан астам адам жарақат алды, - дейді Жандос Мұратәлиев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу