KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

2025 жылға дейін Қазақстанда жаңа рейстер ашылады

Сурет ашық дереккөздерден алынды

30.05.2023, 14:33 342

2025 жылға дейін Қазақстаннан Мумбай, Гонконг, Вена, Токио, Сингапур, Нью-Йоркке тікелей рейстер ашылады.

Бұл туралы Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды Altaynews сайты Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, халықаралық тасымал бойынша 18 жаңа маршрут ашу жоспарланып отыр екен.

"Жыл соңына дейін Доха, Куала-Лумпур, Анкара, Карачи, Лахор, Джидда, Маскат, Прага және Тель-Авивке тағы 9 жаңа халықаралық маршрут ашылады деп жоспарлап отырмыз. 2025 жылға дейін Мумбай, Гонконг, Вена, Токио, Сингапур, Нью-Йорк және басқа қалаларға рейстерді ашуды жоспарлап отырмыз", – деді министр Марат Қарабаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу