KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.35 475.54 4.82

Балалардың қатысуымен 700-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген

Фото: egemen.kz

1.06.2023, 21:36 239

Елде жыл басынан бері балалардың қатысуымен 700-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы Әсет Оспанов балалардың жол қозғалысы кезіндегі іс-қимылы ата-анасының әрекетіне қарай қалыптасатынын жеткізген, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Жаз мезгілінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беріледі. Себебі каникул кезінде олардың бос уақыты көп. Кейде балалар жол қауіпсіздігі ережелерін сақтамай жатады. Ата-анасына қарап бой түзейді, мысалы, ата-ана жол бойын кесіп өте салса, оны көрген бала қайталайды. Жыл басынан бері балалардың қатысуымен 700-ден астам жол көлік оқиғасы тіркелді, - деді Әсет Оспанов.

Сонымен қатар, ол жол қауіпсіздігін қамту мақсатында бірқатар шара жүргізілгенін атап өткен.

– Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жыл сайын «Назар аударыңыз, балалар!», «Қауіпсіз жол», «Мектепке жол», тағы сол сияқты профилактикалық шаралар өткізіледі. Мысалы, 15-31 мамыр аралығында ел көлемінде «Назар аударыңыз – балалар» іс-шарасы өтті. Мақсаты – балаларға жол-көлік ережелерін үйрету, қауіпсіздіктің маңыздылығын түсіндіру, - дейді Әсет Оспанов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив