Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: depositphotos.com
3-5 маусым аралығына арналған ауа райы болжамы жарияланды.
Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қазгидромет ақпаратына сүйенсек, 3-5 маусым аралығында республиканың басым бөлігінде күн ыстық болады. Тек батыс өңірлерінде және оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда жаңбыр жауады деп күтіледі. Оңтүстік жақта жел күшейіп, шаңды дауыл соғуы ықтимал.ъ
Жекелеген аймақтарда сынап бағаны келесі температураны көрсетеді: солтүстік-батыс пен солтүстікте +36+41°С дейін, шығыста +33+39°С дейін, орталықта +33+41°С дейін, оңтүстікте +37+44°С дейін, оңтүстік-шығыста +30+39°С дейін.