KZ
Өскемен
-13°
пасмурно Штиль
498.34 519.72 4.85

Кәмелетке толмағандарға вейп сату бойынша жауапкершілік күшейтілмек

Фото: egemen.kz

12.06.2023, 16:56 299

Елде кәмелетке толмағандарға вейп өнімін сату дерегі үшін жауапкершілік күшейтілуі мүмкін.

Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарына жауап бере отырып мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында. Заң жобасы аясында - Кодекстегі «вейп» және «электронды сигарета» ұғымдарын бөлуге, жиырма бір жасқа толмаған адамдарға темекі мен темекі бұйымдарын, оның ішінде тұтынудың электрондық жүйелерін (вейптерді) және оларға арналған сұйықтықтарды сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейтуге қатысты түзетулер талқыланып жатыр, - дейді Үкімет басшысы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу