KZ
Өскемен
+30°
ясно жел 5 м/с, ОШ
514.94 583.74 6.13

Тұтынушы құқығын қорғау жөніндегі Омбудсмен институтын енгізбек

Фото: egemen.kz

19.06.2023, 18:36 322

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов төрағалық еткен Үкімет отырысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жаңа шаралар қаралды.

Онда тұтынушылардың құқығын қорғау шараларын арттыру қажеттігі айтылды, деп хабарлайды Altaynews primeminister.kz ресурсына сілтеме жасап.

Үкімет басшысы 2020 жылы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңға енгізілген түзетулер үкіметтік емес ұйымдар мен бизнесті тарта отырып, біртұтас жүйе құруға ықпал еткенін жеткізген. Оған қоса нақты нәтижеге қол жеткізу үшін заңнамалық базаны әлі де жетілдіру қажет. Осы мақсатта қолданыстағы заңдарға жаңа түзетулер әзірленген көрінеді.

– Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен институтын енгізу ұсынылады. Ол проблемалар мен шағымдарды реттеудің негізгі үйлестірушісі болуға тиіс. Бұл орайда тұтынушылардан түсетін шағымдарды қарау алгоритмін барынша жеңілдету қажет. Мұнда тұтынушы – қоғамдық бірлестік – мемлекет арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді схемасын құру маңызды, – деді Премьер-Министр.

Әлихан Смайылов ұсынылған заң жобаларын қолдау бойынша дауыс беру рәсімі өткізілгеннен кейін олардың Парламент Мәжілісіне белгіленген мерзімде енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырған.

Үкімет басшысы сонымен қатар халықтың тұрмыс сапасын жақсартатын қолданыстағы ұлттық стандарттарды жетілдіру бойынша жұмыс жүргізу қажеттігін де атап өтті.

– Қызметтер мен тауарлардың сапасын жақсарту бойынша бизнесті ынталандыру бағытында қосымша шаралар әзірлеу қажет, – деп түсіндірді Әлихан Смайылов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу