Орал тұрғыны Алтын Орданың туын сақтап жүр

Фото: Хабар 24
Орал тұрғыны Алтын Орда дәуіріне тиесілі туды сақтап жүр.
Анаргүл Әміроваға бұл құнды жәдігерді ата-бабалары мирас етіп қалдырған, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Бұл жәдігер әлі күнге дейін ғылыми сараптамадан өтпеген екен. Себебі зерттеу жұмысы қыруар қаражатты талап етеді.
Талай ғасырдың куәсі болған тудың әбден тозығы жеткен. Жақында Алматыдағы Әл-Фараби университетінің ғылыми зерттеу орталығының мамандары жәдігердің 13-ғасырға тиесілі екенін дәлелдеді. Ғалымдардың айтуынша, матаның сапасы мен онда бейнеленген таңба тарихтан терең сыр шертеді.
Анаргүл Әмірова енді тудың мемлекет қорғауына алынғанын қалайды.
Әл-Фараби атындағы ҚҰУ ғылыми зерттеу орталығының қызметкері Өмір Тұяқбаевтың айтуынша, туда көрсетілген мемлекеттік таңбалар Бату отбасына тиесілі болуы мүмкін.