KZ
Өскемен
+1°
снег жел 5 м/с, ОБ
491.71 529.97 5.05

Туризм: қызмет сапасы бойынша 500-ден астам шағым түскен

Фото: onlinetestpad.com

19.06.2023, 23:38 3 345 Мадина Амангелдіқызы

Қазақстанда туризм саласындағы қызметтердің сапасы бойынша мемлекеттік органдарға 500-ден астам ресми шағым мен өтініш келіп түскен. 
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды Altaynews.kz Премьер-Министрдің ресми сайтына cілтеме жасап.
Үкімет отырысында туризм саласындағы қазіргі жағдай және саланы дамыту бойынша алдағы атқарылатын шараларды жүзеге асыру барысы қаралды.  
Жыл сайын жағажайлар мен туристік зоналардың ластануына қатысты сын айтылады. Тұрғындар мен бизнес тарапынан қарапайым жағдайдың жоқтығына, жолдардың нашарлығына, туристік объектілердегі антисанитарияға шағымдар көп. Туристік маусым енді басталды, соның өзінде қызметтердің сапасы бойынша мемлекеттік органдарға 500-ден астам ресми шағым мен өтініш келіп түсті.

«Қазақстандық такси жүргізушісі шетелдік қонақтарды әуежайдан қонақүйге дейін 800 долларға жеткізіп салған жағдай бәрінің есінде. Қонақүйлер мен жалпы турлардың, сондай-ақ ішкі билеттердің жоғары бағаларына, туристерге қызмет көрсету уақытына қатысты шағымдар бар», – деді Премьер-Министр.

Оның айтуынша, мұндай келеңсіз жайттар елдің имиджіне нұқсан келтіреді, сондықтан мемлекеттік органдар да, бизнес те осы проблемалардың бәрін шұғыл шешуі керек.

«Біздің міндетіміз – барлық өңірде инфрақұрылымның, логистиканың, сервистің сапасы мен қызмет көрсету мәдениетінің даму қарқынын арттыру. Қазақстан 2029 жылға қарай Саяхат пен туризмді дамытудың жаһандық индексі рейтингінде 50-ші орыннан төмен болмауы тиіс», – деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Осыған байланысты Үкімет басшысы негізгі туристік орындарға баратын жолдарды жөндеу және салу жөніндегі жұмысты жеделдетуді, туристік объектілерді инженерлік инфрақұрылыммен уақтылы қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауды, сондай-ақ курорттық аймақтар мен туристік объектілердің санитарлық жай-күйі мен абаттандырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Ол сондай-ақ қызметтерге тарифтерді көрсете отырып және туристік объектілерде қауіпсіздік шараларын күшейту, барлық қазақстандық объектілер бойынша буклеттер, жолсілтемелер мен карталарды басып шығаруға және таратуға ерекше назар аудару керек екенін атап өтті.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив