Бүгін доллар бағамы қандай?
Фото: egemen.kz
Ұлттық банк доллар мен рубльдің 20 маусымға арналған бағамын белгілеген.
1 доллардың құны – 447,15 теңге, Ресей рублінің орташа бағамы - 5,33 теңгені құрады, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
19 маусымдағы кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,29 теңгеге төмендеп, 447, 37 теңге, ал Ресей валютасы 5,32 теңге болды.
Kurs.kz ұсынған дерек бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 447-451 теңгемен сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 447,5-450,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,19-5,43 теңгеге сатып алуға болады. Астанада көрші ел валютасы 5, 26-5,36 теңгеден саудаланып жатыр.