KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Қазавтожол өкілдері кәсіпкерді бопсалаған ба?

Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

3.07.2023, 19:03 302

 «Қазавтожол» АҚ өкілдері кәсіпкерден ірі көлемде қаржы бопсалады деген күдікпен ұсталды.

29 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Көлік прокуратурасымен бірге «НК «Қазавтожол» акционерлік қоғамы Павлодарлық филиалының басшылығы мен қызметкерлерінің жемқорлық іс-әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, іс фигуранттары аймақтағы кәсіпкерден аса ірі көлемде қаржы бопсалады деген күдікпен қамауға алынған.

Бұл факті бойынша материалдар Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тергеу іс-шараларының жүргізілуіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив