KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность Штиль
479.05 534.57 5.17

Еңбек нарығында қандай мамандар сұранысқа ие?

Фото: gmc64.ru

17.07.2023, 21:13 439 Мадина Амангелдіқызы

Оқу-ағарту министрлігі еңбек нарығында сұранысқа ие техникалық және кәсіптік мамандықтардың тізімін жасады.

Қазақстанда еңбек нарығына талдау жүргізіліп, техникалық және кәсіптік салада тапшы мамандықтар тізімі жасалды. Көшбасында аспаз, сатушы және автомеханиктер тұр. Тамақтану, логистика, медицина, ауыл шаруашылығы, құрылыс және ТҮКШ саласына білікті маман қажет, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өңірлер бойынша талапкерлер үшін басым мамандықтар тізімі:

  • 2560 аспаз (Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары мен Алматы қаласы);
  • 1678 сатушы (Абай, Ақмола облыстары мен Астана қаласы);
  • 1589 автомеханик (Абай, Ақмола, Атырау облыстары мен Алматы қаласы);
  • 1492 тігінші (Қызылорда, Ақтөбе облыстары мен Алматы қаласы);
  • 1388 маркетолог (Алматы, Астана қалалары мен Қызылорда облысы);
  • 1131 тракторист-машинист (Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облыстары);
  • 1030 бухгалтер (Ақмола, Түркістан облыстары мен Астана қаласы);
  • 750 электр газбен дәнекерлеуші (Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай және Абай облыстары);
  • 617 кондитер (Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласы);
  • 608 тәрбиеші (Шығыс Қазақстан, Алматы, Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласы);
  • 604 телекоммуникация технигі (Алматы қаласы мен Павлодар облысы);
  • 549 аппаратшы-гидрометаллург (Шығыс Қазақстан облысы);
  • 548 медбике (Ақмола, Абай облыстары, Алматы қаласы);
  • 527 дәнекерлеуші (Ақтөбе, Алматы, Жамбыл облыстары).

 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив