KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Ауғанстанмен арадағы тауар айналымының 90% – қазақстандық экспорт

Фото: egemen.kz

3.08.2023, 12:23 227

Қазақстан Ауғанстанға экспорттайтын тауарлардың тізбесін кеңейтпек.

Бұл туралы Қазақстан мен Ауғанстан бизнес-форумында сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Қазақстан Ауғанстанның тәуелсіз, бейтарап, біртұтас, бейбіт, демократиялық және гүлденген мемлекет ретінде қалыптасуын жақтайтынын тағы да растағым келеді. Біз Ауғанстанмен қалыптасқан сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және энергетикалық байланыстарды сақтауға мүдделіміз. Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 2022 жылы іс жүзінде 1 млрд АҚШ доллары (987,9 млн. АҚШ долл.) белгісіне жетіп, 2021 жылғы көрсеткіштерден екі есе артты. Тауар айналымының 90% қазақстандық экспортқа, негізінен өңделген өнімге тиесілі, – деді Серік Жұманғарин.

Оның айтуынша, елдер арасындағы сауда биылғы 6 айда 343,6 млн АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан экспорты 334,5 млн долларға жетті.

– Қазақстан үшін Ауғанстан ұн экспортының жалпы көлемінің 70%-ын құрайтын басым ұн нарығы саналады. Қазіргі кезде біз экспорт тауарларын әртараптандыру үрдісін көріп отырмыз. Біздің есептеулерімізге қарағанда, Қазақстан Ауғанстанға азық-түлік, мұнай-химия, металлургия, машина жасау салаларының тауарлары бойынша 500 млн АҚШ доллары сомасына жеткізудің экспорттық әлеуетіне ие, – деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, елдер арасындағы инвестициялық ынтымақтастық дамып келеді. 2005 жылдан бастап Ауғанстаннан Қазақстан экономикасына инвестициялар ағынының жалпы көлемі шамамен 11,7 млн АҚШ долларын құрады. Қазақстанда жұмыс істейтін бірлескен кәсіпорындардың саны сауда саласында 52-ге жетті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу